Регистрируйся скорей или пожалеешь :)


Ескерткіш

Ескерткіш

Көшер Байғазиевке

Тыңдар әңгіме табылмас бізден тұшынып,
Қалам дедіңіз сөйлейтін сөзден қысылып,
Кәрі жасымыз отырдық , кешіріп қойып,
Атпал ағаны сөзінен ісі нық.

Сөзімен барлық түйінді шешетін сыңайлы,
Өзін қойып ұмытып кететін Құдайды,
Көбік ауыз, көк езу көрінеу қырттан
Үнсіз бітірген төл ісін көбірек ұнайды.

Бордай тозған шақтарда болдырып төзім,
Жаратқан саған қарады оң қылып көзін,
Ұлтыңның жақтың, ағатай, үмітін үрлеп,
Иса, Досанды тұғырға қондырып өзің.

Иса мен Досан күзетсе Ақкетік қырын,
Тәмәм туыс тамсанып бақ дедік мұным,
... Шаттыққа бөлеп шадыман шаһардың жұртын,
Қашекем отыр ұсынып тәтті етіп жырын.

Түрулі білек, түюлі қабақ сұсын ай Шалдың,
Ұнамай қалды, жан ата, ісі қай байдың?!
... Құрекем келіп қапты ғой, домбырасынан,
Төгіліп сазы Ұран Күйінің иісі Адайдың.

Үзеңгі қағысып, бірге кезген тәмам қиырды,
Шалдарды қашап шаршыға шамаң білінді,
Тірлікте тұтас жүрген Шалдардың Ескерткішінде
Бастарын қосу бақыты Саған бұйырды

Әр қыртқа сөзді қайтесін, шығындап, аға,
Салғыртқа шашпас тереңде сырың бар, аға.
Сен қашаған әр мүсін аттандап тұрсын!
Ал сырыңды тек досқа айт сыбырлап қана...

Пендеміз ғой есеппен түзген әр ісін,
Өмір болған соң әлбетте Өлім бары шын,
Алда жалда ана жаққа жинала қалсаң,
Кім қашар екен, жақсылап, Сізге аға мүсін?!

Азамат Азаматұлы

Комментарии


gulechka_75

  • 3 мес. назад
бәрекелді!